Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қар көшкіні жүрді: Жолдар жабылды

23 наурыз күні таңғы сағат 08:00 шамасында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында қар көшкіні жүрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Алматы облысы ТЖД

“Түрген ауылы – Батан шатқалы" автожолының 23-24 шақырымында қар жамылғысының тұрақсыздығынан және тау беткейлерінде қардың көп жиналуының салдарынан қар көшкіні жүрді. 

“Қазір қар көшкінің ауданы нақтыланып жатыр. Қарды тазалап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оқиға орнына “Қазселқорғау" мемлекеттік мекемесінен бір қызметкер мен 1 техника бірлігі, сондай-ақ Алматы облысы төтенше жағдай департаментінен бір қызметкер мен 1 техника бірлігі жіберілді”, – деп мәлімдеді Алматы облысы төтенше жағдай департаменті.



Ведомства азаматтардың қауіпсіздігі мен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 2024 жылғы 15 қарашадан 2025 жылғы 31 наурызға дейін "Түрген – Батан – Асы обсерваториясы" автожолының 15-41 шақырым аралығындағы көлік қозғалысы жабылатынын ескертті. 

Бұған дейін "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының маңында қар көшкіні жүріп, бір адам қаза тапқан еді. 

Талқылау