Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ер адам інісін пышақтап өлтірген

Алматы облысы Қарасай ауданы Бұлақты ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінен 41 жастағы ер адамның мәйіті табылған. Анықталғандай, ер адамды 52 жастағы ағасы пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пышақ

Полиция департаментінде марқұмның Ақтөбе облысының тумасы екенін, ағасының үйіне қонаққа келгенін мәлімдеді. Дабылдан кейін арнайы топ құрылып, жақын маңдағы елді мекендер тексерілген. Нәтижесінде күдікті көрші ауылдан ұсталған. 

"52 жастағы ер адам марқұмның ағасы болып шықты. Ішімдік ішу кезінде жанжал туындап, інісін өлтіріп тастаған. Күдікті қазір қамауға алынды. Аталған дерек бойынша барлық сараптама тағайындалды. Тергеу Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша жүріп жатыр", – делінген Алматы облысы полиция департаментінің хабарламасында. 

Сондай-ақ оқиға орнынан қылмыс кезінде қолданылған пышақ табылған. 

Назархан Уән
Сейсенбі, 07 Маусым, 2022 07:56
Талқылау