Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ер адам егде тартқан ерлі-зайыптыны өлтіріп, өртеп кеткен деген күдікке ілінді: Көршілер оқиғаның мән-жайын айтты

КүдіктіВидеодан кадр

Алматы облысында тұрғын үйлердің бірінен қарт ерлі-зайыптының күйік шалған мәйіті табылды. Оқиға орнынан сот-медициналық сарапшылар қан іздерін анықтаған. Егде тартқан ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікпен көршісіне іздеу жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Ауылдастары да көршісінен күдіктеніп отыр.

"Бір-екі үйден кейін де көршілеріміз бар. Ол оларды тонады, көп ұрлық жасады. Тіпті анам оның үнемі ұрлық жасайтынын айтады. Бірақ ешқашан өлтірмеген. Бұл оның бірінші рет өлтіруі. Өртеп, шешіндіріп тастаған деп естідім. Қатты түтін шыққан жоқ. Көрмей қалған шығармыз. Өйткені көршім Денис ағай тездетіп сөндірсе керек", – дейді Элина Герасименко.

Ерлі-зайыпты гүл өсірумен айналысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, қаскүнем үйге зейнеткерлер ұйықтап жатқанда кірген. 79 жастағы үй иесі бірнеше рет пышақ жарақатын алса, оның 76 жастағы әйелі буындырғаннан қаза болған. Тәртіп сақшылары марқұмдардың денесінен қанды ісіктер мен соққының іздерін анықтаған. Туыстарының болжамынша, шабуылдаушы алдымен екі қартты өлтіріп, кейін ақша мен алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Ал қылмыстың ізін жасыру үшін бөлмені өртеп жіберген. Көршілер ештеңе естімеген, тек терезеден түтін шыққанда ғана байқаған. 38 жастағы күдікті туралы көп мәлімет жоқ. Ол бірнеше күн бұрын ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп, бостандыққа шыққан. 

Талғар ауданының екі қарт тұрғынын өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды. Оны ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, – деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаменті өкілдері.

Полицейлердің мәліметінше, арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, оған ең тәжірибелі қызметкерлер тартылған.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Талғар ауданының полицейлері 38 жастағы Иван Заниловты іздестіріп жатқаны туралы жазған едік. Ол қарт көршілерін өлтірді деген күдікке ілін

Аида Тақабаева
Жұма, 08 Тамыз, 2025 08:41
Талқылау
`