Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында екі көлік соқтығысып, жаяу жүргінші өткеліндегі адамды қағып кетті

Видеодан скриншот

Алматы облысы Талғар ауданы Еркін ауылында екі көлік соқтығысып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, екі көлік қатты жылдамдықпен келе жатқан. Екі көлік жүргізуші де кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер дейді. Ауылдықтардың мәлімдеуінше, олар ішімдік ішіп алып көлік басқарған. Біреуі көлікті соғып, соның салдарынан екіншісі 5-сынып оқушысын қағып кеткен деп мәлімдеген.

Түрлі дене жарақатын алған жаяу жүргіншіні жедел жәрдем көлігі алып кетті.



Алматы облыстық полиция департаменті тілшімізге түсініктеме берді. Алайда көлік жүргізушілері жасөспірім екенін жоққа шығарды. 

"Полицейлер жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Киров көшесімен келе жатқан Toyota Camry жүргізушісі сол бағытта келе жатқан басқа Toyota Camry көлігімен соқтығысқан. Соққының инерциясы салдарынан жаяу жүргінші жолағында келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Облыстық полиция барлық жүргізушіні жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады”, – деп мәлімдеді ПД.

Сондай-ақ көлік бетон тіреуішке соғылып, мүлікке зақым келтірген. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жүк көлігі жеті жасар қызды қағып өлтіргені айтылды. Алматы полиция департаменті жол апатына себепші жүргізушіні ұстады. Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес, жүк көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 23 Сәуір, 2025 13:18
Талқылау