Алматы облысында екі айдан бері із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам іздестірілуде
Алматы облысының полициясы 49 жастағы хабар-ошарсыз кеткен ер адамды іздеуге көмектесуді сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
1971 жылы туған Хамит Мингазов 25 маусымда Талғар ауданы Бесағаш ауылында орналасқан "Петрол Азия" ЖҚС-нан белгісіз бағытқа кетіп қалған. Содан бері ол туралы ешкім ештеңе белмейді.
Іздеудегі адамның белгілері: бойы 175-180 сантиметр, орташа денелі, көк көзді, қара шашты, бұйра, кішкентай мұрты бар.
Ер адам қара түсті джинсы, жеңіл көйлек, аяқтарында қара аяқ киім, алтын кесте бар қара қалпақ киген.
Хамиит Мингазовты көрген-білгендер 8 (7282) 600-232, 600-233 телефондары бойынша немесе Талғар АПБ-не 8 (727) 295-61-05, 95-63-96 телефондары бойынша хабарласуына болады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”