Алматы облысында дәрігерлердің салғырттығынан бес баланың анасы қайтыс болды
Алматы облысында босанған әйелдің өліміне жол бергені үшін үш дәрігер сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
35 жастағы бес баланың анасы 2018 жылдың қазан айында Ұйғыр ауданының Шонжы ауылындағы орталық аурухананың перзентхана бөлімінде қайтыс болды.
Бірінші сот процесі 2020 жылы 27 шілдеде өтті. Алайда апелляциялық шағымды қарап, соңы Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 24 қарашадағы қаулысымен қойылды.
63 жастағы хирург екі жылға бас бостандығынан айырылды. Оның көмекшісі, 33 жастағы акушер-гинеколог, жазаны 5 жылға тоқтата отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды. 31 жастағы акушер-гинеколог 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Шартты түрде жазаны өтеудің барлық кезеңіне пробациялық бақылау белгіленді.
"Сонымен қатар, үш дәрігер де бір жыл мерзімге медициналық жұмыспен айналысу құқығынан айырылады, жәбірленушінің мүддесі үшін олардан бірлесіп 5 миллион теңге көлемінде моральдық зиян өндірілді", - деп атап өтті облыстың ДП баспасөз қызметі.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
