AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында BMW көлігі үйдің шатырына құлады

Алматы облысында BMW Х5 автокөлігі жолдан шығып кетіп, үйдің үстіне құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

көлік

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, BMW көлігінің қатысуымен болған жол апаты 24 мамырда түнде, Боралдай кентінде болған. 

"BMW көлігін 29 жастағы жергілікті тұрғын тізгіндеген. Ол рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Нәтижесінде автокөлік үй жанында салынған нысанның шатырына түсті. Сонымен қатар электр бағаны мен газ құбырын қиратты", – делінген полиция хабарламасында. 

Жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер жоқ, ал жүргізуші жеңіл жарақат алған. 

"Көлік жүргізушісі "Әкімшілік құқық бұузышылық туралы" кодекстің 610-бабы "Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы" бойынша жауапқа тартылады. Жиналған материалдар жақын арада сотта қаралады", – деп қосты полициядағылар. 

Қазір мемлекетке және үй иесіне келтірілген шығын есептеліп жатыр. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр