Алматы облысында аурухананың санитар қызметкерлері шу шығарды

Алматы облыстық көпсалалы-клиникалық ауруханасында коронавирус жұқтырған науқастармен тікелей байланыста болып, келісімшарттағы тиесілі ақшамызды ала алмай жүрміз деген санитар қызметкерлер наразылық білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Басымызды қатерге тігіп денсаулығымызбен тәуекел етсек те басшылық еңбегімізді елемей, сұрағымызға да жөнді жауап бермейді дейді олар. Наразылық танытқан қызметкерлер аурухана басшылығы бізді санитар деп менсінбейді дейді.

"Бас жарылып, аяғы жарақаттанғандардың барлығын жуып, тазалап кіргіземін", "Правизорлық стационарларға беріліп жатқан қаражаттың төленуін сұраймыз, өтінеміз", "Ас таратушы деп байланыста болғандар қатарына қоспады", - деп шағымданды аурухананың кіші қызметкерлері.

Қатаң карантин кезінен батап, вирус жұқтырған науқастардың төрт уақыт тамағын беріп, тазалығын қамтамассыз еткен санитар қызметкерлері жалақының үстінен берілуге тиіс ақыны әлі алмадық дейді. Бізден басқа қызметкерлердің барлығына толығымен төленіп бітті, біз ғана шеттетіліп қалдық деп ренішін білдірген оларға басшылық байланыста болмадыңдар деген көрінеді. 

"Біз неге байланыста болғандар тізімінде жоқпыз? Біз үш рет ыстық тамағын, үш рет тоқбасарын береміз. Коронавируспен ауырған адам белгілі ғой. Жүре алмайды, тұра алмайды", - дейді санитар Қазынагүл Толыбаев. 


Алдын ала ақша береміз деген басшылық артынша сөздерінен айнып, кіші қызметкердің байланыста болмағанын алға тартып, қаражат төлемей қойған.

"Сол сағаттарыңа ақша аласыңдар деді. Айдың соңында ақша алатын кезде ас таратушыларға ақша жоқ, берілмейді деді", - Қарлығаш Мұқатайқызы.

Ал ақшасын ала алмай дал болған жұмысшылар төленуі тиіс ақшасының жауабын не есеп бөлімінен, не кадр бөлімінен біле алмадық деп отыр. 

"Бұл кісілер категорияға жатпайды. ӘМСҚ-на осы кісілердің мәселесі бойынша хат жазып бергенбіз. Бірнеше кұнде сұрақтары шешіледі ", - Ерлан Сайлаубекұлы.

Аталмыш құжатта шағымданған қызметкерлердің расында науқаспен тығыз байланыста болып, тазалық жұмыстары жүргізілгені жазылған екен. Ал кадр бөлімі мәселеге қатысты ешқандай ақпарат бермей отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматы облысының бас санитарлық дәрігерліне қатысты қызметттік тергеу басталған болатын

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр