Алматы облысында атымен бірге суға батып кеткен шопанның денесі табылды
Алматы облысындағы Талғар ауданында жылқысымен бірге суға батып кеткен 53 жастағы шопанның денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Талғар ауданында 1 тамыз күні Еңбекші ауылының маңындағы су арнасынан жылқымен шабандоздың мәйіті табылды. Қайтыс болған ер адам – мал бағумен айналысқан 53 жастағы жергілікті тұрғын. Жәбірленушінің денесінен зорлық-зомбылық пен өлтіру белгілері табылмады", – делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, ат мінген адамды су ағыны алып кеткен. Бұл факт ресми түрде жазатайым оқиға ретінде тіркелген. Ведомство шопанның өлімінің барлық мән-жайын нақтырақ анықтау үшін шаралар қабылданылып жатқанын қосты.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”