Алматы облысында 14 жастағы жасөспірімдер Toyota көлігін айдап әкеткен
Алматы облысында 14 жастағы жасөспірім Toyota Camry көлігін ұрлап кеткен. Оларды полиция ұстады, содан кейін жасөспірімдер қылмысын мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Райымбек кентінің 33 жастағы тұрғыны хабарласқан. Ол Toyota Camry автокөлігі ұрланғаны туралы арызданған. Жәбірленуші үйге шай ішуге кірген, аз уақыттан соң шыққанда автокөлік орнында болмаған.
"Ізін суытпай бір сағат ішінде автокөлік базарының маңында ұрланған көлікті тоқтаттық. Салонда Алматыда тұратын 14 жастағы екі жасөспірім болған. Ұсталғандар ұрлық жасағанын мойындап, жай ғана айдағысы келгенін айтты", - деді Алматы облысының полиция департаменті.
Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 200-бабының 2-бөлігі - "Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену" бойынша тергеледі.
Талқылау

“Газ плитасы, күннен қуат алатын панельдер алып дайындаламыз”: Алакөлде шатырда қонып жүрген қазақстандық отбасы жабайы демалысты дәстүрге айналдырған
Жағажайда ауыз су, желі мен санитарлық жағдай жоқ

"Бір нүктеде қатып қалды": Аспанда "тоқтап тұрған" ұшақтың видеосы қызу талқылануда
Желі пайдаланушылары: "Құлап кете ме деп қатты қорықтым”