Алматы облысында 12 жастағы оқушыны зорлады деген күдікпен 17 жастағы жігіт ұсталды

Фото: Ru.freepik.com
Алматы облысында кәмелет жасқа болмаған жігіт 12 жасар қызды зорлады деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстың полиция департаменті болған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады.
“Күдікті – кәмелетке толмаған тұлға ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Соттың санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу түрі қолданылды”, – деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ заңды өкілдері кәмелетке толмаған күдіктіні тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ведомство істің тергелуі облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында болатынын атап өтті.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген