Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы Франциядағы көрмеге қатысу үшін конкурс жариялап, 60 миллион теңгеге жуық қаржы бөлген

pixabay Франциядағы көрмеФото: pixabay.com

Алматы облысының туризм басқармасы Франция мен Сингапурде өтетін көрмелерге шамамен 60 миллион теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, тапсырыс беруші онлайн сауда-саттық платформасында көрме үшін арнайы лот шығарған.

"Тапсырыс беруші – Алматы облысы туризм басқармасының "Туристік ақпараттық орталығы" КГКП; қызмет түрі – көрме ұйымдастыру және өткізу; қосымша сипаттамасы – Қазақстаннан тыс жерлерде өтетін көрмелерді ұйымдастыру: IFTM TOP RESA (Франция) және ITB Asia 2025 (Сингапур); жоспарланған сома – 56 922 321,43 теңге", – делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лот сипаттамасында.

Конкурсқа қатысуға алдын ала өтінімдер 26 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында қабылданады.

Фото: goszakup.gov.kz


Кәрім Мәсімовтің жекежайы мектеп болуға жарамсыз болып шықты


Мемлекетке қайтарылған элиталық сағаттар мен коллекциялық монеталар аукционда 117 миллион теңгеге сатылды


Еске салайық, Алматы облысы әкімдігі бұған дейін де қымбат көлік сатып алуымен сынға іліккенін жазған едік. 2023 жылы 562 млн теңгеге автопарк жаңартқан, кейін TANK жол талғамайтындарын алған. Енді президенттің үнемдеу тапсырмасынан соң да 96 млн теңгеге Land Cruiser 300 мен KIA K9 алынғаны белгілі болды.

STAN.KZ
Жексенбі, 24 Тамыз, 2025 08:55
Талқылау