Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының тұрғындары заңды түрде алған жерлерінен айырылып қаламыз деп қауіптенеді

Алматы облысына қарасты Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округінің жүзден астам тұрғыны жерімізді сот бұғаттап тастады деп наразылық білдірді. Себебі Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тұрғындар қазір тұрып жатқан жер бұрын балансында болған Қазақ қыздар Педагогикалық Университетінің бұрынғы басшыларының үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр екен. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар топтамасына сілтеме жасап хабарлайды.

алматы халык

Жиналған халықтың сөзінше, тұрғындар мұндағы жерлерін 3 жыл бұрын сатып алып, үй салуды бастаған. Құжаттары түгел. Енді үйлі-жайлы болып, еңсесі көтерілген халықтың төбесінен қайта жай түскендей болып отыр. Саудаға түскен 9 гектар жер осыған дейін Қыздар университетінің балансында болған.

Іргелі ауылдық округінің іргесіндегі "Таңдаулы сенім" кооперативі тұрғындары төрт күннен бері осындай талқылаудан шаршаған. Өйткені өз ақшаларына сатып алған жерді заңсыз басып алынды делініп, іс сотқа жөнелтілген.

"Бізге бұл жайт төрт күн бұрын белгілі болды. Көршіміз жерін сатайын деп барса, сендердің жерлерің бұғатта тұр деп айтқан. Қандай себеп екенін сұраса, жердің бұрынғы Қыздар университетіне тиесілі екенін көрсеткен жарлықты ұсынады. Қарасай ауданы оны сатып жіберген. Енді қазір ойланып қарасақ, бұл жер не біздікі емес, не университеттікі емес және Қарасай ауданына да тиесілі емес", – дейді тұрғындардың бір Асылбек Бекмұратов.

Екінші тұрғын қолында барлық заңды құжаттары бар халықтың неліктен басқа біреулердің зардабын тартуы керек екенін алға тартады. Осылай өз ойларын айтқан халық Қарасай ауданы әкімдігіне барған. Тіпті олар үш күн бұрын бейбіт митинг өткіземіз деп әкімдікке хабарлама беріп те үлгерген екен. Әкімдіктегілер жиналған тұрғындарды басында басқа жаққа жібермек болып, кейіннен қайтпасын түсінген соң жауап береді.


Алматы облысында "Нұрлы жермен" үй алған тұрғындар дірдектеп отыруға мәжбүр екендерін мәлімдеді 


Алайда тұрғындар өздерінің сұрақтарына қанағаттандырар жауап ала алмады. Себебі "Таңдаулы сенім" кооперативіндегілер алдын ала сұратқан сатылып кеткен жерлерді тұтынуға беруге қатысты қаулының өзі де көшірмесі де жоқ болып шығады. Әкімдіктегілер құжатты жемқорлықққа қарсы күрес агенттігіндегілер алып кеткенін жеткізді.

Ал аудандық жер қанытастары бөлімінің басшысы жерді пайдаланымға беруге өздерінің тікелей қатысы бар екенін ашық айтады.

"Енді саяжай жері болғаннан кейін аудан әкімі қол қояды. Бұл жағдай аудан әкімдігі жауапты болып тұр. Халықпен бірге болып тұрмыз", – деді Қарасай ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы Азамат Болубаев.

Қазақ Қыздар университетінің әкімшілігі оқиға бойынша түсінік берді. Оқу орда басшылығының айтуынша, осы уақытқа дейін өздерінің иелігінідегі жерге үйлер түсіп, сатылып кеткеніне дейін білмеген.

"Бұл іске қатысты 2020 жылы Білім министрлігімен бірлесе тексеріс жүргізілді. Осы тексерудің барысында заң бұзушылықтар анықталды. Соған байланысты 2021 жылдың 15 қаңтарына бастап бұрынғы Гаухар Төремұрат Алдамбергенова деген азамат жұмыстан алынды. Сол уақыттан бастап бізде қылмыстық іс жүріп келе жатыр. Аталған жерлерді қайтарып алу біздің тікелей мақсатымызға кіреді", – деді ҚАЗҰҚПУ заңгері Арайлым Серікбайқызы.

Университет басшылығы жиырма жылдай бос жатқан жерді кері алып зертханалық орталық саламыз деп жоспарлап қойған. Ал Іргелі тұрғындары маңдай терімізбен алған жер телімінің бір қарысында қайтармаймыз деп бекініп отырғандарын жеткізді.
 

Талқылау