Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы метросында 14 жастағы мас қызды жедел жәрдем алып кетті

Метрода мас оқушы қыз «Жибек Жолы» станциясына түспекші болған. Оны полиция қызметкерлері ұстап, артынша токсикология бөліміне апарған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі inalmaty.kz сайтына сілтеме жасап.

метро

Метрополитен баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 тамызда 14 жастағы қыз метрода мас күйінде баспалдақ арқылы төмен түспекші болған. 

«Қыз өзін дұрыс ұстай алмады және метро ережелеріне сәйкес мас күйінде жолаушыларға жүруге тыйым салынған. Метро қызметкерлері қызды кәмелетке толмағанын аңғарып, оның ата-анасымен байланысу үшін станциядағы полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне тапсырды. Полиция оның анасын шақырып, қызды жедел жәрдем көлігімен токсикология бөліміне алып кетті», - деп хабарлайды Елордалық мемлекеттік унитарлық кәсіпорнының баспасөз қызметі.

Талқылау