Өмір сүру құны қымбат қалалар тізімі жарияланды: Нұр-Сұлтан мен Алматы нешінші орында?
Қазақстан қалаларының ішінде тізімге Алматы мен Нұр-Сұлтан кірді. Өмір сүру құны жоғары қалалар рейтингісінде 2022 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша 466 және 475 орынға жайғасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бермуд астанасы Гамильтон 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өмір сүру құны бойынша қалалар рейтингінде бірінші орынға шықты. Зерттеу нәтижелері Numbeo сервисінің сайтында жарияланған.
Ең қымбат қалалар тізімінде екінші орында Базель, үшінші орында Цюрих тұр. Үздік ондыққа Зуг, Лозанна, Берн, Женева, Гонолулу, Санта-Барбара және Нью-Йорк кірді.
- Телефонын ұрлап, өзін ұрып өлтірген: Полиция "Алтын ордадағы" жанжалға қатысты күдіктіні ұстады
- Қазақстандық әйел өзін мас деп ойлаған дәрігерлердің кесірінен көз жұмды: Ол көшеде инсульт алып құлаған
Тізімде барлығы 510 қала бар. Рейтингте Санкт-Петербург 279-орынға, ал Мәскеу 287-орында тұр. Ресей қалаларының ішінде Қазан (300), Новосибирск (301), Краснодар (313), Нижний Новгород (316) және Ростов-на-Дону (345) бар.
2021 жылдың желтоқсанында Expat Insider сарапшылары шетелдіктер тұруға және жұмыс істеуге қолайлы әлемдегі ең жақсы қалалардың рейтингін жасады. Бұл тізімде бірінші орындарды Куала-Лумпур (Малайзия), Малага (Испания), Дубай (Біріккен Араб Әмірліктері), Сидней (Австралия) және Сингапур алды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
