Соңғы жаңалықтар

Алматы маңындағы Шарын шатқалы бұзылып жатыр

Шарын шатқалы, бірегей табиғат ескерткіші бұзылып жатыр. Экология белсенділері тікұшақтардың үнемі ұшуынан, шатқалға күшті дыбыстық қысым зиян келтіретінін айтады. Осыдан кейін құмтас көз алдыңда шашырап жатыр дейді белсенділер, деп хабарлайды Хабар24-ке сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

 Шарын шатқалында экобелсенді Тимур Елеусізов арнайы видео түсірген. Онда ол ерекше табиғат ескерткішінің үстінде туристермен тікұшақтардың қалай ұшатынын анық көрсетеді. Бір сағат ішінде үш әуе экскурсиясы өткізілген. Шатқалдарда мұндай серуендеу табиғат қорғаушысының наразылығын тудырды.

"Видеода қазір Шарын шатқалына тікұшақтардың ұшып бара жатқанын және шатқалдардың бойымен келе жатқанын көруге болады. Олар құмтасқа нашар әсер ететін шу қысымын тудырады. Шатқал осы қысымнан бұзылады. Бұл перфоратормен қабырғаға соғумен бірдей", - деді экоамбассадор Тимур Елеусізов.

Су, жел, күн және құм балшық пен тас осы ерекше шатқалды құрады. Оның сұлулығы отандық қана емес, шетелдік туристердіде таң қалдырады. Демалушылардан қаражат тапқысы келетін туроператорлар, өкінішке қарай, осындай зиянды қызметтерді ұсынады.

"Біз әлеуметтік желілерді, жалпы интернет кеңістікті зерттей бастадық. Шатқал үстімен ұшақпен, джиппен, квадрациклмен жүріп өту сияқты түрлі ұсыныстар желіде көп. Қазір көп адам ешкім жасамағандай бірдеңе жасағылары кеп тұрады, содан соң шатқалда тікұшақпен ұшады.

 Демек адамдар секундтық ләззат үшін табиғатты жоюға дайын! Сонда біз ұрпақтарымызға не қалдырамыз?"- дейді экоамбассадор.



Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында бұл нысан көздің қарашығындай сақталады деп сендіреді. Тікұшақтардан ешқандай зиян жоқ, дейді олар.

"Бізде арнайы тікұшақ алаңы бар. Олар тек сонда жерге қонады. Туристер шатқалға қарай түсіп, оның әсемдігіне таңданады. Кейін алаңға қайта көтеріледі. Шатқал ішінде ұшуға тыйым салынады. Шатқалдың қирау фактісі анықталған жоқ", - дейді Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары Бақыт Абдуллаев.

Алайда белсенділер Шарын шатқалының тікұшақтардың ұшуына байланысты қирағанын айтады және осындай бұзушылықтар үшін жеке турфирмалар жазаламайды дейді олар.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр