Алматы маңындағы демалыс аймағында болған атыс: Күдіктілер ұсталды

Алматы маңындағы Байсерке ауылында орналасқан демалыс аймағындағы атыс бойынша күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

кісен

Бұған дейін Байсерке кентінде демалыс аймағының иесі мен қызметкерлері оқ жарақатын алғаны хабарланды. Оқиға 31 қазанда болған, олардың 15-20 адамнан тұратын топ атып кеткен.

"Бұл фактіні Іле ауданының полиция бөлімі алдын ала сөз байласу арқылы топ жасаған екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция басқармасы мен ПД криминалдық полиция бөлімі қызметкерлер жедел-іздестіру шаралары барысында басты күдіктілерді Алматы қаласы, Алматы, Қостанай облыстарында ұстады және қамауға алды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық істің өзге де мән-жайлары тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр