Алматы маңындағы демалыс аймағында атыс болды: Полиция түсініктеме берді
Алматы облысының полиция департаменті демалыс аймағындағы атысты тергеу қай кезеңде жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полиция департамент бұл іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Бұзақылық ниетімен, алдын-ала сөз байласу арқылы екі немесе одан да көп адамға қарсы адам өлтіру әрекеті» бабы және «Атыс қаруын қолданумен жасалған бұзақылық» бабы бойынша тіркелгенін айтты.
«2021 жылы 9 сәуірде сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс материалдарымен танысу басталды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпарат жария етілмейді», - делінген хабарламада.
Алматы маңындағы демалыс аймағында болған атыстың жай-жапсары белгілі болды.
Еске салайық, 2020 жылдың қазан айында Алматы облысының Іле ауданындағы Поляна демалыс аймағы аумағында атыс болды. Иесі мен қызметкерлері оқтан жарақат алды.