Алматы маңында үйлену тойында қарумен оқ атқан блогер мен төрт күдікті ұсталды
Алматының маңында үйлену тойында қарумен оқ атқан блогер мен төрт күдікті ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото Polisia.kz
Полиция департаменті жедел іздестіру шарасының нәтижесінде күдіктілерді ұстағанын мәлімдеді.
Деректерге сүйенсек, ұсталғандардың арасында алматылық блогер Заир Рзаев та бар. Ол үйлену тойында қонақ болып, әлеуметтік желілерде бөліскен.
Полицейлердің айтуынша той 9 маусымда Түрген ауылында өткен. Ал желіде тараған бейнежазбалардан әртүрлі қарудан бірнеше адам аспанға оқ атқаны байқалады.
"Атыс қаруын қолданған бұзақылық фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқ атылған қару сараптамаға жіберілді", – делінген хабарламада.
Полиция аудандық полиция басшылығына қатысты қатаң шаралар қабылданатынын айтты.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”