Алматы маңында қараусыз қалған зауыттың жанынан әйелдің мәйіті табылды
Әлеуметтік желіде Алматы іргесіндегі ауылда әйелдің мәйіті табылды деген ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, әйел таксимен кетіп, таңертең Қызыл Қайрат ауылындағы қараусыз қалған зауыттың жанынан өлі табылған.
"Оқиға орнынан полиция мен жедел жәрдем көлігі келді. Екі қыз қатты айғайлады", – деді куәгер.
Алматы облысының полиция департаменті марқұмның 56 жаста екенін хабарлады. Мәйіт табылған соң, қылмыстық іс қозғалды.
"Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын объективті анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылмаған", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Атыраудағы үйлердің бірінің ауласынан еркек пен әйелдің денесі табылғаны туралы жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"