"Мемлекетке қажетім болмаса, балаларыма керекпін": Сотталған алматылық экс-шенеунік Тоқаевтан көмек сұрады
Ақша жымқырды деп сотталған экс Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Әсел Бисенбаева аса ірі көлемде, яғни 234 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген. Экс-шенеуніктен басқа, айыпталушы тарапта бес адам болған. Қылмыстық іс бойынша барлық айыпталушы 3 жылдан 7,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімінен кейін Бисенбаева Facebook парақшасында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан қорғауды сұрап, видео жариялады. Экс-шенеунік кінәсіз екенін айтып, объективті тергеу жүргізілгенін қалайтынын жеткізді.
"Былтыр 1 маусымда қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысы болып Камалжан Надыров тағайындалды. Ал 24 маусымда ол өз еркімен жұмыстан шығу туралы арыз жазуымды тапсырды. Мен жаздым, кейін бір ай жұмыс істедім. 23 шілдеде менің электрон кілттеріммен мемлекеттік сатып алу порталындағы шартқа қол қойылатынын білдім. Бірде-бір қағаз келісімшарт, хаттамаға менің қолыммен қол қойылмаған, келісілмеген.
Надыровтың сенімді адамдары неге бұлай болғаны туралы шағымдарыма "қандай кілттер болды, солармен қол қойылды" деп жауап берді. Кейін мен кілттерді бұғаттадым. Бұдан соң 27 шілдеде маған "Надыровтың адамы" келіп, кілттерді беруімді сұрады. Өйткені пациенттер мен дәрігерлерге тамақ, су және бір рет қолданылатын маскалар қажет, сонымен қатар медициналық жабдықты жеткізу керек. Ол бәрі заң бойынша жүргізіліп, мемлекеттік сатып алу порталындағы барлық рәсімдер дұрыс болатынына кепілдік берді", – деді ол.
Бұнымен қоса Бисенбаева жеткізушілермен жасасқан келісімін және оның пайдасын растайтын бірде-бір дәлел жоқ екенін мәлімдеді.
“Мен бұл шешімді қабылдаған кезде адамдардың көз жұмбауын қаладым. Сумен, тамақпен және бір рет қолданылатын маскалармен қамтамасыз еткім келді. Егер мен мемлекетке кәсіпқой маман ретінде керек болмасам, онда балаларым мен анама керекпін. Егер мен қателік жасасам, онда оны өзімнің бүлінген өмірім сондай-ақ, сот процесі кезінде қайтыс болған әкемнің өлімімен өтедім. Бұл істі объективті және толық тергеуге жәрдемдесуді және дұрыс әрі әділ шешім шығаруды сұраймын. Мен бұндай жазаға лайық емеспін. Қазіргі болып жатқан дүние – әділетсіздік. Менің сыбайлас жемқорлыққа қатысым жоқ", – деп қосты сотталған шенеунік.
Оның адвокаты Мұрат Амитовтың айтуынша, айыптаудың барлық дәлелі сотта расталмаған. Экс-шенуніктің кінәсіздігі туралы барлық дәлел сотқа ұсынылған.
"Алайда сот басқаша шешім қабылдады. Келісімшартқа қол қою кезінде менің клиентім қалалық әкімдікте болды. Ал келісімге қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ғимаратында Бисенбаеваның электронды-цифрлық қолтаңбасымен қол қойған. Телефон арқылы Бисенбаевтың шартқа қол қою кезінде ҚДСБ ғимаратында болмағаны дәлелденді. Сонымен қатар біреу Бисенбаеваның атынан мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізу туралы бұйрықты қолдан жасады. Бізде сарапшының қорытындысы бар. Егер Бисенбаевтың айыптауы бойынша басқа адамдармен сөз байласқан болса, оның қолын неге қолдан жасау керек?”, – деді құқық қорғаушы.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
