Алматы кептелісі: 15 қыркүйектен бастап мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақыты өзгеріп, қашықтан жұмыс істейді
Фото: Ru.freepik.com
Еңбек демалысын аяқтап, оқу жылы басталғалы Алматыда кептелген көліктер еселеп көбейіп жатыр. Кептелісті азайту үшін 15 қыркүйектен бастап қызметкерлердің жұмыс уақыты өзгеріп, кей мемлекеттік қызметкерлер үйден жұмыс істейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы әкімдігінің қаулысына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың жарты қызметкері икемді жұмыс кестесіне көшеді.
“Қызметкерлердің жұмыс уақыты сағат 9:00-де емес, 8:30-да басталады. Түскі ас уақыты бір сағаттан бір жарым сағатқа ұзартылды. Ішінара қашықтан жұмыс істеу нұсқасы да қарастырылып жатыр. Зайға сәйкес, қызметкерлердің 30%-ын қашықтан жұмыс істеуге жіберуге болады”, – делінген хабарламада.
Кеңседе жұмыс істейтін жекеменші компания қызметкерлерін де онлайнға жіберу немесе икемді кестемен жұмыс істеу ұсынысы да қолдау тапты. Бірақ соңғы шешімді жұмыс берушілердің өзі қабылдайды.
“Аудан әкімідіктері кәсіпкерлерге 2–6 қыркүйек аралығында кеңсе қызметкерлерінің бір бөлігін икемді немесе қашықтан жұмыс кестесіне көшіру мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныспен хат жолдады. Бұл хаттар тек ұсыныс ретінде жіберілді”, — деп нақтылады әкімдік.
Астанада мемлекеттік компаниялардың жұмыс кестесі өзгереді
Шаһардағы кептелісті азайту үшін жоғары оқу орындары мен колледждерге сабақ бастау уақытын әртүрлі кесте бойынша ұйымдастыру ұсынылып отыр. Оған сәйкес, оқу орындарында сабақ сағат 8:00-де басталады, енді бір бөлігі 10:00-ден бастап оқиды. Мұндай тәсіл 637 мыңнан астам студенттің қозғалысын біркелкі таратып, жолдағы жүктемені азайтпақ.
Бұған дейін депутаттар Алматыдағы кептеліс мәселесін шешу үшін қашықтан жұмыс істеп, сабақты ерте бастауды ұсынған еді.

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
