Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

әкім орынбасарыФото: Алматы қаласының әкімдігі

Нұрлан Әбдірахым Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол бұл қызметте денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды қадағалайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нұрлан Әбдірахым бұл қызметке тағайындалғанға дейін 2023 жылдың сәуірінен бастап Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Қайнар университетін және Қазақстан президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясат ұлттық мектебін бітірген. Ол заңгер және саяси ғылымдар бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесіне ие.

Нұрлан Әбдірахым еңбек жолын 2001 жылы "Астанаэнергосервис" ААҚ-да абоненттік учаске бақылаушысы қызметінен бастады. Әділет министрлігінде жетекші маманнан бастап департамент директорына, Зияткерлік меншік комитетінің төрағасына дейінгі қызметтерді атқарған.

Ол Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін де атқарған. "Құрмет" орденімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 01 Қазан, 2025 14:16
Талқылау