Алматы – Бішкек тас жолындағы жол апатынан сегіз адам қаза тапты
Видеодан скриншот
Алматы облысында сегіз адам қаза тапқан жантүршігерлік жол апаты болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде 29 қыркүйекте болған жол апатының кадрлары пайда болды. Видеода көліктердің бөлшектері тас жол бойына шашылып жатқаны және жақын маңда адамдардың жатқаны түсірілген. Видео авторы олардың бірнешеуі жан тапсырғанын да айтады.
Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апатының Алматы-Бішкек тас жолының 107-шақырымында болғанын хабарлады.
"Полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, Lexus көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен соқтығысқан. Алған жарақаттарынан 8 адам оқиға орнында көз жұмды, екеуі ауруханаға жатқызылды. Қазір жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтау үшін барлық қажет тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.
Жетісу облысында 10 адам қаза тапқан жол апатына себеп болған көлікті жасөспірім басқарған
Бекет ата қорымын аралауға бара жатқан: Маңғыстау облысында жол апатынан 10 адам қаза тапты
Полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда аса сақ болуға шақырады.

"Студенттердің шәкіртақысында несі бар": Қазақстандықтар шетелде оқитын жастарға салық төлету туралы ережені сынға алды
