Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы аумағында зілзала қайталану қаупі жоқ – Ұлттық сейсмикалық бақылау және зерттеу орталығы

Жақын күндері Алматы аумағында қайта зілзала болмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

"Ұлттық сейсмикалық бақылау және зерттеу орталығы сейсмикалық жағдайды бағалау комиссиясы өткізген кезектен тыс отырыс қорытындысы бойынша жақын күндері Алматы аумағында магнитудасы – 5,6 және қарқыны MSK -64 бағаны бойынша 7 балдан асатын зілзала болмайды", - делінген хабарламада. 

Баспасөз қызметі қазір Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған жер сілкінісінің афтершоктары басылып жатыр деп мәлімдеді. 

Бес адам үйден қашамыз деп жарақат алған. Қажет көмек көрсетілгеннен кейін олар емханаға жіберілді. 

Қырғызстан мен Қытай шекарасында 4,6 балдық жерасты дүмпулері болғанын еске сала кетейік. 

Жер сілкінісін төтенше жағдайлар министрлігінің "ННЦСН" және төтенше жағдайлар департаменті сейсмикалық станциялар желісі 23 қаңтарда Астана уақытымен сағат 07:52-де тіркеді.

Еске сала кетсек, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Астана уақытымен 00 сағат 09 мин 02 секундта алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы 6,7 балл. Бұдан соң тұрғындар қалада тағы да бірнеше жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Ал ТЖД дерегіне сәйкес алдағы уақытта қуатты жер сілкінісі болмайды, сондықтан дүрлігудің қажеті жоқ. 

Талқылау