AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі актер және режиссер Олег Лиге ІІ дәрежелі "Барыс" орденін тапсырды

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес театр өнерін дамытуға қосқан зор үлесі үшін актер әрі режиссер Олег Ли II дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды. Президенттің тапсырмасы бойынша жоғары мемлекеттік марапатты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Қала басшысы Олег Лиді 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, мерейтой иесінің бүкіл өмірін театр өнері саласына арнаған жетістіктерін атап өтті.

"Осындай жоғары мемлекеттік наградамен Президент сіздің елеулі және ерекше үлесіңізді атап өтті. Сіз – театр өнерінің ең көрнекті өкілдерінің бірісіз. Корей театрын сіздің рөлдеріңізсіз, қойылымдарыңызсыз елестете алмаймын. Сіздің ерекше дарыныңыз бен таңдаған ісіңізге риясыз қызмет етуіңіз Қазақстанның театр өнерінің үздік дәстүрлерін арттыруға зор үлес қосты. Біз сіздің қойылымдарыңыз бен фильмдеріңізбен өстік. Сізге зор денсаулық және жаңа шығармашылық жетістіктер тілеймін", - деді Ерболат Досаев.

Олег Ли өзінің мансабында 40-тан астам фильмдер мен телехикаяларда ойнады, сонымен қатар көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленіп, театр сахнасында жарқын, есте қалатын кейіпкерлердің бірегей бейнелерін жасады.

"Мемлекеттік республикалық академиялық корей театры ұжымы мен басшылығының атынан осы жоғары дәрежелі орден иесі атануды зор ризашылықпен қабылдаймын. 1937 жылы күштеп көшірілген адамдарды ашық рухпен қабылдап, соңғы бір үзім нанымен бөліскен қазақ халқына айтар алғысымыз шексіз. Қазақ топырағында біз халықаралық деңгейде нақтыланған Қазақстанның көпұлтты отбасына айналдық", – деді Олег Ли.

Олег Лидің көркемдік жетекшілігіндегі республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры корей диаспорасы өмірінің маңызды бөлігіне ғана емес, сонымен қатар корей өнері мен мәдениетіне қызығушылық танытқан барлық қазақстандықтар үшін тартымды орынға айналды.

Кездесу соңында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев актерге жылы лебізін білдіріп, республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрына баруға уәде берді.

Олег Ли 1942 жылы 4 мамырда Өзбек КСР Наманган қаласында туылған. 

1961 жылы Ташкент электромеханикалық техникумын, 1969 жылы Ташкент энергетикалық байланыс институтын бітірген.

1975 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының актерлік факультетін, 1983 жылы Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтының режиссерлік факультетін бітірген.

1975 жылдан – мемлекеттік корей музыкалық комедия театрының актері және режиссері. 1996 жылдан – Қазақстан республикалық корей музыкалық комедия театрының бас режиссері (Алматы қ .)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр