Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімдігінің басқарма басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ерлан Әділовке қатысты қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, қалалық мобильділік басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінген.

"Е.М. Әділовке қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу осы жылдың 16 ақпанында ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі - "айтарлықтай мөлшерде пара алу" бойынша басталды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Талғат Башев.



Өзге ақпаратты тергеу мүддесі үшін жариялауға болмайды.

Айта кетейік, Ерлан Әділов бұл лауазымға былтырғы маусым айында тағайындалды.

Талқылау