Алматы әкімдігі қаланың кіреберістерінде көлік кептелісін болдыртпауға уәде берді

Алматы әкімдігі қаланың кіреберістерінде пайда болған ұзын-сонар көлік кептелістердің жайын шешуге уәде берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пробка

Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлім етті. 

Сөзінше, қазір алматылық блок-бекеттерде 700-ден астам полиция қызметкерлері екі-үш ауысыммен қызмет атқарады. Қаланың сыртында 22 блок-бекет бар көрінеді. Бұған қоса полицейлер бекеттердің аралығындағы аймақты да бақылауға алған. 

"Алматыда жұмыстарына рұқсат берілген кәсіпорындардың облыстан келетін қызметкерлердің саны өсіп кетті. Көліктердің саны да күрт көбейді. Қазіргі таңда біз полицейлер қолданатын планшеттердің санын арттырдық. Планшеттер арқылы бекеттегі қызметкерлер жүргізушілердің нөмірі мен азаматтарға берілген рұқсатты тексереді. Бүгін-ертең кептеліс мәселесі шешіледі", - деді әкім орынбасары. 

Бұған қоса ол халықты сабырға шақырып, егер блок-бекеттерді алып тастаса, қандай жағдай орын алатынын түсіндірді. 

"Алматыға сырттан қатынайтын қызметкерлермен бірге, саяжайға барушыларға қаладан шығуға не кіруге рұқсат берілген. Сол себепті бекеттерде көліктердің ағымы өте көп. Егер блок-бекеттерді алып тастайтын болсақ, қала мен облыс аралығындағы көліктердің қозғалысы қадағалаусыз қалады. Яғни аурудың таралуы да артып кетеді. Сол себепті бұған жол бере алмаймыз", - деп қосты ол. 

Еске салайық бұған дейін Алматының шығаберістерінде бірнеше шақырымға созылған кептелістер пайда болғаны жайлы айтылған еді. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр