Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімдігі баннерлердігі суретті қайдан алғанын айтты

Алматы қаласының әкімдігі қазақстандық Самал Омарованың баннерлердегі фотосуретін пайдаланғаны үшін бір миллион теңге сыйақы төлеу туралы талабына жауап берді. Шенеуніктер бұл фотосурет тегін қордан алынғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

маска

Алматы қалалық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі қала ішіндегі жарнамада қолданылған медициналық маскадағы қыздың суреті жарнамалық макеттерді жасауға арналған Freepik.com дүниежүзілік тегін фотосуреттер банкінен алынғанын хабарлады.

"Бұл әлеуметтік жарнама науқанына қаражат бөлінбеген. Ал дүниежүзілік банктің лицензияланған фотосуреттерін пайдалану ешкімнің құқығын бұзбайды. Авторлық құқыққа қатысты барлық заңды сұрақтар дүниежүзілік фотосуреттер банкіне жіберілуі керек", - деп түсіндірді әкімдік.

Сондай-ақ, әкімдік белгілі бір адамның фотосуретін пайдалану үшін оның ресми рұқсаты қажет екенін және банктің лицензияланған фотосуреттері бар, олар жарнаманың кез келген түрінде шектеусіз мөлшерде қолданыла алады деп қосты.

"Қазақстанда мұндай фотосуреттер банкі жоқ, сондықтан дизайнерлер дүниежүзілік банкті пайдаланады. Айта кету керек, бұл сайтта фотосуретте бейнеленген адамның азаматтығы немесе осы фотосурет түсірілген елдің аты аталмайды", - деді баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Самал Омарова коронавирусқа қарсы насихат үшін суретін рұқсатсыз пайдаланған Алматы әікімдігінен қаржы талап етті. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 21 Қаңтар, 2021 13:33
Талқылау