Алматыда жол бойында әлдекімдер 20 жастағы жігітті пышақтап кеткен
Желіде Алматыдағы Алатау даңғылының бойында әлдекімдердің ер адамды пышақтап кеткені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Әлеуметтік желіден
Желі қолданушылары Наурызбай ауданындағы Алатау даңғылының бойында полиция көліктерінің жиналып, кептеліс пайда болғанын жазған. Ал 2GIS картасындағы пікірлерде жол бойында әлдекімдердің жас жігітті пышақтап, өлтіріп кеткені жазылған.
Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.
-
"Көзін ойып, тістерін жұлып алған": Алматыда мәйіті ала дорбадан табылған әйелдің анасы қызының айуандықпен өлтірілгенін айтты
-
"Электрикпін деп таныстырған": Алматыда ер адам тұрғын үй кешеніне кіріп, екі адамды атып кетті
“Наурызбай аудандық полиция басқармасы 20 жастағы жігітті өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, таныстар арасында жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі пышақ қолданған. Қылмыстық қару тәркіленді”, – делінген хабарламада.
Полиция оқиғаның мән-жайлары анықталып жатқанын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін желіде Алматы тұрғыны есікті қағып, пышақпен қорқытып жүрген қауіпті көршісіне шағымданған еді.