Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алмат Сақатов: "Күйеуің қыдырып кетсе, шыда"

Қалың көпшілікке “Бауыржан шоу” театры арқылы танылған актер Алмат Сақатов “Менің өмірім” бағдарламасында әйелін қалай еркелететінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан кадр

Бағдарлама жүргізушісінің: “Әйеліңізді “айдаһар” деп айтып қалдыңыз. Үйдегі жеңгемізді жақсы білеміз. Неге “айдаһар” деп айтасыз?” деген сауалына актер: “30 жыл бірге тұрған әйелімді “сұр жылан” деп айта алмаймын ғой. Айдаһар деген жақсы ғой. Үш басы бар, бір басын шауып тастасаң екі басы өсіп шағыды. Оны жеңе алмайсың, аузынан от шашып тұрады, қанаты бар. Қайда барсаң да артыңнан қуып жетіп алады. Жет алмаса құйрығымен қайрыпы алады. “Аққуым” дейін десең, 30 жылдан кейін аққу да қартаяды. Біреу көз алдына елестетсе “жүні түсіп қалған, әбіржіп кеткен аққу ма?” деп айтуы мүмкін. Біз сияқты тентектерге ие болу да оңай емес. “Бауыржан шоуда” жүрген кезде қыз-қырқындар көп, үйге хабарласады, хат жазады. Үйге келгендері де болды. Соның бәріне шыдау оңай емес. Жұбайым - жақсы, шыдамды адам. Мен тұрмақ, менің шешеме шыдаған. Мен гастрольде жүргенде марқұм әкем ауырған кезде жанында болып, шәйін беріп, көмектескен. Мен екінші, үйшінші әйелімен ажырасып жататын еркектерді түсінбеймін. Олардың түсінігінде ол – махаббат шығар, бірақ мен оны әлсіздік деп ойлаймын. Олардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Сол көкбеттік басқасында да тығылып жатыр. Өзіміз тиісеміз, сосын ашуланғанда ұйықтап жатқан айдаһар оянады. Мен “айдаһарым менің” деп еркелетемін”, – дейді Алмат Сақатов.

Актердің айтуынша, жақсы әйел шыдамды болу керек. 

“Ер азаматының қандай қылығы болмасын бәріне төзе білу керек. Сабаса, ұрса, күнде арақ ішіп жүрсе, мен түсінемін. Бірақ еркек сондай жағдайға дейін жету керек. Әйелдің тіл ұзарғанда, еркектің қолы ұзарады. Сол себепті әйел тілін тартып, тыныш жүрсе, шыдаса ақылды еркек өз орнына келеді. Ал шыдамаған әйел бір рет қарсы сөйлейді, екі рет қарсы сөйлейді. Үшіншіде таяқ жейді. Одан енесінің мінезі жаман болуы мүмкін. Оған да шыдау керек. Күйеуің қыдырып кетсе, шыда. Айғайлассаң бетің ашылады. Сәл төзсең ұялғаннан өзі де қояды. Әйел ер азаматына адал болу керек дейтіндер бар. Шыдамсыз әйел қайдан адал болады. Айғай-шу болған соң әйел де қолын бір сілтеп кетіп қалады. Қиын өмірге шыда, пәтерде жүрсең – шыда, күйеуің ақша таппаса – шыда. Шыдау үшін де ақыл, сабыр, парасаттылық керек. Мен – шыдамсыз адаммын. Досым болсын, әріптесім болсын отырған жерімде айтып саламын Кейін “неге айттым екен” деп өкінемін. Әйелім де дұрыс еме нәрсе айтып отырса енесі отыр ма, әкесі отыр ма қарамаймын. Сол жерде өзімдікін айтамын. Мінезім сондай”, – дейді актер ағынан жарылып.

Талқылау