Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алмас Кішкенбаев өзінің әйел кейпіндегі суретіне қатысты пікірін білдірді

Әнші интернет беттерінде тараған өзінің әйел кейпіндегі суретіне қатысты пікір білдірді. Ол суретті өңдеген адаммен соттаспайтынын айтып, барынша байсалдылық танытты.

1

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Белгісіз біреулер фотошоптың көмегімен әншінің әйел адам кейпіндегі образын жасаған. Әйел тәнінің Анджелина Джолиге тән екені байқалады. Себебі қолында айдаһар татуировкасы бар. Фотошоп жасаушының іске кіріскендігі соншалық, тіпті әншіге кәсіби макияж бен ерекше шаш үлгісін жасап берген.

Аталған суретке аз уақыт ішінде 500-ден астам лүпіл қойылып, жүздеген пікір жазылған. Мұнымен қатар, әнші де суретті жасаған адамға қатысты пікір білдіруді жөн көрген.

“Мен ол суретке мүлдем ренжімеймін. Себебі танымал әнші ретінде сахнада жүріп, елдің назарында болғандықтан, маған жасалып жатқан бірінші қастандық емес. Біздің эстрадамызда жүрген әншілердің барлығы дерлік осындай мазақ пен түрлі сынның астында қалып жатады.

Ал бұл суретке келетін болсақ, жасаған адамның сана сезімінің жеткен жері осы болғаны. Мұның барлығы үйдегі тәрбиеге байланысты. Бұл сурет кеше ғана шыққан жоқ, ғаламторда бұрыннан жүр. Менің қазір ақылсыздармен соттасып жүретін уақытым жоқ”, – дейді Алмас Кішкенбаев.

Желі қолданушылары да әншінің бұл сөздерін құп көріп, оған назар аудармауға кеңес берді.


Жіберіп алмаңыз:

Тыңдармандары Алмас Кішкенбаев қыздарының ұқсастығына қайран қалды

Алмас Кішкенбаев кезекті туындысын сүйіктісіне арнады (видео)

Алмас Кішкенбаев даяшы болып жұмыс істеді (фото)

Балаларына ерекше есім сыйлаған қазақстандық жұлдыздар

Талқылау