Алмас Кішкенбаев өзін “масқаралаған” оқушының ата-анасына ескерту жасады
Instagram желісі дамығалы бері ел сүйікті жұлдыздарымен тікелей байланысатын болды. Бүгінде жазу-сызуды білетін баладан еңкейген қартқа дейін әртістерге айтар өтінішін, өнеріне деген құрметін, қала берді, тағар сынын желі арқылы жеткізеді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бір өкініштісі, соңғы кездері “бесіктен белі шықпаған” балалардың өздері неше түрліні жазып, жаға ұстатып жүр. Мәселен, бірнеше апта бұрын 5-сынып оқушысы әнші Алтынай Жолдыбаеваға былапыт сөздер жазып, ел назарына іліккен еді. Дәл осындай жағдай әнші Алмас Кішкенбаевтың басында қайталанды.
Бірнеше сағат бұрын әнші өзіне “фу, масқара” деп жазған оқушы баланың ата-анасына ескерту жасады.
“Кішкентай бала ғой дейін десең, “фу” мен “позорды” біледі екен. Үйде көрген тәрбие деп есептеймін. Әке-шешесіне айтарым, балаларыңыздың қолынан телефонды тартып алыңыз, ол, телефонмен не істеп отырғанын қадағалай алмасаңыз немесе тілін қысқартыңыз. Өскенде көшеде қысқартуы мүмкін”, – дейді Алмас.
Желі оқырмандарының бір тобы Алмасқа мұндай жазбаларға көңіл бөлмеуге кеңес берді. Ендігілер аузына келгенді жазатын оқушыларды да, оларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды да жазалау керектігін алға тартты.
Жіберіп алмаңыз:
Бағлан Әбдірайымов әйеліне опасыздық жасаған әріптестерін сынады
Қайрат Нұртас өзін Димашпен салыстыратындарға жауап берді
Қайрат Нұртас: Арманым – Астанадағы “Әзірет Сұлтан” мешітінде азан шақыру