Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алмас Кішкенбаев ажырасқанына қатысты: Мен ешкімді тастаған жоқпын

Алмас Кішкенбаев алғаш рет әйелімен заңды түрде ажырасқанын мәлімдеді. Әнші отбасындағы бұл кикілжіңнен кейін өзіне келе алмай жүргенін айтты. Ол әлі күнге дейін әйелі мен қыздарынсыз қалай өмір сүру керектігін білмейтінін айтты.

Алмас Кішкенбаев ажырасқанына қатысты: Мен ешкімді тастаған жоқпын

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Тимур Балымбетовтің “Шыны керек” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Жүрегімде не болып жатқанын білмеймін. Сол сәт болған кезде қалай мен оларсыз өмір сүрем деген сұрақ келді. Мен ол сұраққа ешқандай жауап таба алмадым. Таба алам ба, білмеймін”, – дейді Алмас.

Кішкенбаев үшін бұл мүлде күтпеген жағдай болған екен. Есеңгіреп қалған әнші әлі күнге дейін не істерін білмей жүр. Ол бұрынғы жары Мөлдірмен ажырасуына не себеп болғанын айтпады. – Бұл мен үшін өте күрделі сұрақ. Толыққанды жауап беремін деп айта алмаймын, – деді әнші. Әйтсе де, Кішкенбаев көпшіліктің көкейіндегі сауалға нүктені былай қойды:

“Бір айтатыным, мен ешкімді тастап кеткен емеспін. Мен ешкімнің соңынан түскен жоқпын. Ешкімді іздеп жүрген жоқпын, іздемеймін де. Болды. Мен әлі күнге дейін әрі қарай қалай өмір сүру керектігін білмеймін, көріп жатырмын”.

Сондай-ақ, өнер иесі өзінің жеке өмірін талқылайтын жандарға өтініш білдірді.

“Жазса жазсын, айтса айтсын, бірақ артық әңгіме айтпаса екен. Себебі мен тірі адаммын, менің де жүрегім, сезімім бар. Мен жазылған пікірлердің барлығын оқимын. Маған тек қана жақсы пікірлер жазыңдар деп жатқаным жоқ. Әркім өзі біледі ғой. Бірақ егер жаман пікірде болса, ештеңе жазбай-ақ қойсын. Жалғыз маған емес, кез келген адамға қатысты. Біреуді жамандап, даттап немесе ойына келгенді жаза салу ешкімге де ұнамайды. Жалпы менің Instagram парақшамда жаман пікірлер жазатын оқырмандар жоқтың қасы. Сол әрі қарай жалғаса берсе екен”, – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алмас ішімдікке салынғандығы және өзіне қол салмақ болғаны жайлы айтқан еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау