Алмас Кішкенбаев ішімдікке салынып, өзіне қол салмақ болған

Алмас Кішкенбаев соңғы жылдары артық салмақпен күресіп келеді. Алайда көпшіліктің көзінен тасада қалған әнші 5 келіден артық салмақ тастай алмаған. Оның себебін өнер иесі ішімдікке әуестігімен түсіндіреді. Соңғы жылдары басына бірнеше сынақ түскен Кішкенбаев ішімдікке салынып кеткенін мойындады.

Алмас кішкенбаев

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Тимур Балымбетовтың “Шыны керек” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Салынып кеттім деп айта алмаймын. Бірақ бір кездері ішімдікке жақын болдым. Мендегі артық салмақ соның кесірінен. Соңғы кезде өмірімде орын алған өзгерістерге байланысты ол үш есеге артып кетті. Бірақ қазір ол жаман нәрседен алыспын. Ол нәрсе қазір жоқ мүлдем. Ешқашан да жақындамаймын”, – дейді Алмас.

Кішкенбаев ішімдікке әуестіктен арылу үшін арнайы емделетін жерге баруға мәжбүр болғанын айтты.

“Өзімді тоқтата алмайтындай дәрежеге қалай жеткенімді өзім байқамай қалдым. Бірақ соны сезген кезімде амал жоқ дәрігерге баруға тура келді”, – дейді Кішкенбаев.

Сондай-ақ, Алмас өзіне қол салуға дейін барғанын айтты. Өнер иесінің пайымынша, мұның бәрі ащы суға салынып кетуінің кесірінен болған.

“Терезенің алдында тұрған кезде қызым Зере қоңырау шалып, мені тоқтатты”, – дейді Алмас.

Әншінің мұндай қадамға баруына соңғы жылдары басына түскен оқиғалар себеп болған. Осыдан бір жыл бұрын Алмастың туған ағасы қайтыс болып, содан кейін анасы қатты ауыра бастаған. Тіпті, бір барғанында Алмастың өзін танымай қалыпты. Десе де, бүгінде анамның беті бері қарап келеді, – дейді Кішкенбаев. Сондай-ақ, әйелімен ажырасуы Алмасқа өте үлкен соққы болып тиген.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар