Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Alma+компаниясы қазақстандықтар үшін жаңа цифрлық мүмкіндіктерді ұсынды!

"АлмаТел Қазақстан" АҚ  "АлмаТВ" сауда белгісімен бірге кешенді ребрендинг нәтижесін ұсынды және өзінің жаңа атауы — Alma+ (almaPlus)-ті ресми түрде таныстырды, сондай-ақ компанияның жаңа өнімдері туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Alma+ компаниясы алдына қойылған міндеттерді тиімді шешіп қана қоймай, цифрландыру саласына байланысты тұрғын үй-тұрмыстық мәселелерді шешуде сенімді көмекші болуға ұмтылады.

IT-компания ретінде қызметті дамытуға бағытталған стратегияның өзгеруіне байланысты жаңартылған атау қажет болды.

Өзгерістер барлық коммуникация арналарына әсер етті. Позициялау қайта қаралды, жаңа логотип, фирмалық стилі жасалды, сондай-ақ клиенттің жолы және оның компаниямен қарым-қатынасы өзгерді.

Alma+ жаңа айдентикасы компания ұсынатын және бір брендке біріктірілген цифрлық қызметтердің кешенді спектрін көрсетеді. Сонымен қатар, әрбір тәуелсіз өнім енді нарықта өнімнің ерекшелігін сипаттайтын өзінің префиксімен толықтырылған таныс Alma атауымен болады.

28 жыл бойы АлмаТВ кабельдік теледидар мен интернеттің ірі қазақстандық провайдерінің бірі болды. Бүгінгі таңда alma+ телекоммуникация операторы дәстүрлі жүйеден инновациялық өнімді компанияға ауысады және non-telecom секторында тұрған қазақстандықтар үшін цифрландыруды дамытудағы үлкен қадам болатын жаңа жобаларды іске қосады.

Almahome – тұрғын үй кешенінің сервистерін цифрландыруға арналған мобильді платформа

Бұл көп пәтерлі тұрғын үйдің инфрақұрылымын біріктіретін және тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығының жаңа деңгейін қамтамасыз ететін интерактивті көмекшіге айналатын ыңғайлы мобильді қосымша.

Қарапайым сөзбен айтқанда, енді басқарушы компаниямен, көршілермен байланыс орнатуға, сондай-ақ “ақылды” домофон, шлагбаум және бейнебақылау камералары сияқты үй ішіндегі жабдықты мобильді құрылғыға жүктелген қосымшаның көмегімен басқаруға болады.

“Ақылды” домофон сервисі:

- Бет әлпетінен тану 

- Әлемнің кез келген жерінен домофоннан телефонға аудио және бейне қоңыраулар

- Есіктерді қосымша арқылы қашықтан ашу

- Қосымшадағы сілтеме бойынша "уақытша кілт" батырмасы арқылы үйге кіру қолжетімділігі 

- Қоңырауларды 30 күнге дейін мұрағатта сақтау мүмкіндігі (Сіздің пәтеріңізге шалынған 30 күнге дейін қоңырау шалу тарихы)

“Бұлтты бейнебақылау” қызметі:

- Мобильді қосымша арқылы 24/7 видео легіне қол жеткізу

- - Тұрғын үй кешеніндегі кез келген бейнекамерадан 30 күнге дейінгі бейнебақылау мұрағаты.

“Ақылды” шлагбаум сервисі:

- Мемлекеттік нөмір бойынша автокөлікті тану

- Мамандандырылған көлікті тану (жедел жәрдем, полиция, ТЖМ)

- Мобильді телефон көмегімен ашу;

Сондай-ақ, қосымша ішінен сіз жалпы үй чатын таба аласыз. Басқарушы компанияның өкілдерімен сөйлесіп, шеберді шақыруға өтініш тастауға, коммуналдық қызметтер ақысын төлеп, тіпті кейбір тауарларды сатып алуға болады.

AlmaTV - жаңа онлайн-кинотеатр

Бір платформада 190-нан астам теледидар арнасы, ең жақсы деген MEGOGO, PREMIER, QAZAQSHA атты онлайн кинотеатрлар бар. Бұл – Қазақстанда смарт-ТВ экрандарында Kaspi QR қосымшасының және Kaspi.kz мобильді құрылғысының көмегімен қызметтерге ақытөлеу жүйесі біріктірілген алғашқы онлайн-кинотеатр. 

Онлайн кинотеатрдың артықшылықтары:

- Отбасының әрбір мүшесі үшін жеке профильдер

Қосымшаға кірген кезде сізге профильді таңдау мүмкіндігі беріледі: Ересек немесе балаларға арналған. Балалар профилінде шектеулер бар, онда балаларыңызға тек жас көрермендер көруге арналған контент қолжетімді болады.

- Бес құрылғыдағы мазмұнды бір реттік тұтыну.

Қолданбаны бір уақытта 5 құрылғы арқылы қолжетімді. Мәселен, фильмді ұялы телефоннан көріп бастаған соң, теледидарда тоқтаған сәттен ары қарай көруді жалғастыруға болады.

- Теледидар мұрағатын басқару.

Фильмді немесе теледидар арнадағы сүйікті бағдарламаңызды жіберіп алдыңыз ба?! "АlmaTV" онлайн-кинотеатры біздің телеарналарымыздың 90% эфирін жазады. Көрермендер эфирді кідірте алады, әр арнаға енгізілген телешоулар тізімін қарап отырып таңдай алады, ал қажетті мазмұнды таңдағаннан кейін кері айналдыру жүйесін қолдана отырып, кез-келген уақытта ауыса алады. 

Спорт әуесқойлары үшін онлайн-кинотеатрдың ішінде жеке бөлім құрылды, онда трансляцияларға, сондай-ақ барлық спорттық іс-шаралардың мұрағатына жылдам қол жеткізуге болады. Бұл бетте спорт түрлері бойынша бөлімдер бар, ал маңызды матчтар мен чемпионаттар кезінде сіз ойындар кестесін немесе турнир торын тікелей "АlmaTV"қосымшасында бақылай аласыз.

Қосымша IOS және Android құрылғыларында қолжетімді. Қосымшаны жүктеп, тіркеліп қойыңыз және “барлығы бар” пакетін дәл қазір 14 күнге тегін қолдану мүмкіндігін алыңыз!

Alma+ – компания клиенттеріне арналған көпфункционалды қосымша

"Alma+" компаниясы табиғатқа қамқорлық жасау мақсатында қағаз құжат айналымынан бас тартуды жоспарлап отыр. Жақында абоненттер енгізілген қашықтан сәйкестендіру және электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен қосымшада келісімшарттар жасай алады.

"Alma+" қосымшасы iOS немесе Android операциялық жүйесіне негізделген смартфон пайдаланушылары үшін қол жетімді.

Мұнда сіз компанияның қызметтері туралы барлық қажетті ақпаратты ала аласыз, қызметтерге ақы төлей аласыз, роботты call-орталыққа немесе қажет болған жағдайда операторға техникалық қолдау бойынша қоңырау шалуыңызға болады. Сондай-ақ, пайдаланушыларға "almaTV" онлайн-кинотеатрын көруге, "SpeedTest" сервисі арқылы интернетке қосылу жылдамдығын тексеруге болады. Жақын арада "АlmaMusic" ағынды музыка сервисі, "AlmaNews" интеллектуалды жаңалықтар лентасы сервисі және компанияның ілеспе тауарлары бар интернет-дүкен сияқты сервистер іске қосылады.

2023 жыл деректерді беру жылдамдығын 500 Мбит/сек дейін дамытуға қабілетті GPON – гигабиттік пассивті оптикалық желі технологиясы бойынша кең жолақты интернет желілерінің дамуы мен құрылысымен белгіленеді. Қазіргі бар абоненттер де назардан тыс қалмайды. 2022 жылы DOCSIS 3.0 технологиясы бойынша деректерді беру желілерін Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында заманауи GPON технологиясына ауқымды жаңғырту процесі басталды. Ал 2023 жылы көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында модернизация курсы жалғастырылатын болады.

Сондай-ақ, жақын арада "Аlma+" компаниясы alma phone жаңа өнімін ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл – ұялы байланыс пен мобильді интернет ұсынатын цифрлық байланыс операторы.

Компания сонымен қатар қазақстандық геймерлерге арналған жаңа платформа дайындады. Яғни, бұлтты гейминг сервисімен жұмыс жасауда. Жазылым бойынша әр пайдаланушының қуаты аз құрылғыларда, соның ішінде планшеттерде, смартфондарда және Smart TV-де ресурстарды қажет ететін ойындарды іске қосу мүмкіндігі болады. 

"Alma+" компаниясының даму жөніндегі басқарушы директоры Сергей Хомутов жаңартылған брендті көпшілікке таныстырып, өнімдердің жаңа желісін көрсетті.

"Соңғы жарты жылда біз команда болып ребрендингтен кейін компанияның тұсаукесеріне дайындалдық. 30 жыл бойы Қазақстанды цифрландыру саласында тарих “жасап шықтық”. Ендеше жаңа тарихтың уақыты келді. Біздің өзгерістеріміз Республиканың digital-индустриясын дамытудағы жаңа қадам және отандастарымыз үшін ғана мүмкіндіктер болмақ!", – дейді ол. 

Талқылау