Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Allur зауыты "Кәсіби маман" республикалық байқауының жеңімпазы атанды

аллюр

Фото: Allur баспасөз қызметінен

Allur зауыты маман даярлау бойынша үздік кәсіпорын атанып, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған "Кәсіби маман" республикалық байқауында жеңіске жетті. Аталған байқау Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілген. Компания атап өткендей, кәсіпорынға "Үздік кәсіпорын – кадр даярлауға қатысушы" мәртебесі берілді.

Allur компаниясының өкілдері зауыттың биік шыңнан көрінуі маман даярлау бойынша жүйелі жұмыс пен заманауи білім беру бағдарламаларын енгізудің жемісі екенін атап өтті. Allur үшін маман дайындау мәселесі үнемі басым бағыттардың бірі болған. Кәсіпорын өндірісте жұмыс істейтін, соның ішінде станок қызметкерлері, құрастырушылар мен инженерелерге ерекше көңіл бөледі. Себебі дәл осы маман иелері елдегі нағыз индустрияны қалыптастырады. 

аллюр

Фото: Allur баспасөз қызметінен

Зауытта аймақтағы колледж студенттеріне арналған дуальді білім беру бағдарламасы белсенді жүзеге асырылып жатыр. Олар өндіріс орнында практикадан өтіп, автокөлік жинау процесімен танысады. Әлемдік деңгейдегі технологиялар және құрылғылармен жұмыс істеуді меңгереді. Зауыт директоры Арғұлан Майконовтың сөзінше, жас мамандар үшін бұл оқу практикасы болып қоймай, кәсіби мансабының бастамасына айналады. Колледжді аяқтаған соң түлектердің басым бөлігі зауытқа қызметке орналасады екен. Бүгінде дуальді білім беру жүйесіне 11 – оның ішінде 8 аймақтық және 3 республикалық колледж қатысады. 

"Қазақстанда кадр даярлау бойынша үздік кәсіпорын атану – біз үшін үлкен мәртебе. Бұл марапат зауыт ұжымы мен кадр әлеуетін дамыту бойынша біздің жүйелі жұмыстың мойындалғанын көрсетеді. Біз заманауи өндіріс тек жай жұмысшыларды емес, білікті және ынталы мамандарды қажет етеді деп білеміз. Ал аталған марапат отандық өндірістің болашағы осы Allur зауытында, кәсіби мамандардың қолымен жасалып жатқанын дәлелдейді", – деді Арғұлан Майконов. 

аллюр

Фото: Allur баспасөз қызметінен

Зауыт директорының сөзінше, жас мамандарға бейімделуге көмектесіп қана қоймай, тәжірибесін бөлісіп, өз ісінің кәсіпқойларын дайындайтын жандар – Allur-дің мақтанышы. Республикалық байқауда зауыт қызметкерлері де көзге түсті. Марапатқа ие болғандардың ішінде химия-сараптамалық зертхананың инженері Зауреш Набиева бар. Ол "Өндіріс бойынша үздік тәлімгер" номинациясы бойынша үздік атанды. Инженер жас мамандарды даярлауға ғана емес, ұжымдық жауапкершілік мәдениетін, сыйластық пен кәсіби өсуге ұмтылысты қалыптастыруға үлесін қосып келеді. 

аллюр

Фото: Allur баспасөз қызметінен

Сонымен қатар зауытта Allur University ұжымдық университеті бар. Бұл – инженерия, менеджмент пен ұжымдық қарым-қабілет саласындағы мамандарды даярлау және біліктілігін арттыруға арналған компанияның білім беру орталығы. Оның үстіне компания елдегі үздік жоғарғы оқу орындарымен етене жұмыс істейді. Зауыт базасында 6 кафедра бар, көлік құрастыру саласында 18 білім беру бағдарламасы дайындалды. 

аллюр

Фото: Allur баспасөз қызметінен

Allur зауыты – өндірістің ұсақ торапты және ірі торапты циклі бар елдегі автокөлік құрастыратын алпауыт кәсіпорын. Зауыттың жылдық өндірістік қуаты 125 мың автокөлікке жетеді. Компания өкілдері атап өткендей, бұл – жеңіл автокөлік, коммерциялық техника, электромобиль мен мамандандырылған авто сынды автокөліктердің барлық түрін шығаратын елдегі жалғыз кәсіпорын. 

Назархан Уән
Бейсенбі, 13 Қараша, 2025 17:15
Талқылау