"Алланың сынағы деп кешіреді": Алматыда ер адам 180 қазақстандықты Меккеге қажылыққа апарамын деп алдап кеткен
Алматыда Меккеге шағын қажылыққа жіберемін деп адамдардың қаражатын алып, алдаған ер адам ұсталды. Ол жалған туристік компания атынан 180 адамнан 100 миллион теңге ақша алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Алматы полициясы күдіктінің қолға түскенін хабарлады.
"Осы қылмысты жасады деген күдікпен Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Ол өзін туристік фирманың басшысы ретінде көрсете отырып, қажыларды умраға жіберу бойынша қызмет көрсету туралы жалған шарттар жасасқан. Қазір қамауға алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдіктіге төрт адам көмектескен. Тергеу алаяқтық туралы бап бойынша жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.
Зардап шеккендердің бірі Меруерттің (аты спикердің өтініші бойынша өзгертілген) айтуынша, "Жазира travel" деп аталған туристік агенттік БАӘ-ге ұшу 19-20 қаңтарға жоспарланғанын айтқан.
"180 адам ақша берді және оны әлі қайтара алмай жүр. Компания тіпті әуе билеттерін сатып алмаған. Жезқазған, Ақтау және Астанадан келген адамдар бар", – деді ол.
Алдымен алыс аймақтардан келген азаматтарды олар қонақүйге орналастырып, екі күн күтуін сұраған. Алайда 20 қаңтарда кешке қонақүйдегі номерлер үшін ақы төленбегені белгілі болды.
"Компания өкілдері "бізді қажылыққа бара жатқандықтан ақшаcы көп және бәрін Алланың сынағы деп санап бізді кешіреді" деп санайды. Бірақ біз өз ақшамызды қалай басқаруға болатынын білеміз. Бұл – біздің туыстарымыздың адал еңбегімен тапқан ақшасы", – деді Меруерт.
Деректерге сүйенсек, жәбірленушілер 10 күнге созылатын сапар үшін 450-500 мың теңгеден төлеген. Залалдың жалпы сомасы-шамамен 100 миллион теңге. Компания басшысының аты Мейіржан Рыскелдиев, ол өз кінәсін мойындады.
"Сіздерге қайтаратын ақшам жоқ. Жауапқа тартқыңыз келсе, өз әрекеттерім үшін жазаны көтеруге дайынмын", – деді ол зардап шеккендерге.
"Жазира travel" туралы мәлімет бойынша тек Қырғызстан мен Өзбекстандағы компаниялар шығады. Қазақстанда мұндай атаудағы компания жоқ.