"Аллаға және президентке рахмет": Журналист Шымкент әкімінің мақтауын асырды

Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналист сөзін "Аллаға және президентке рахмет" деп бастап, әкімнен қала басшысы қызметінде қала ма, жоқ па деп сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Қаламыз жақсы дамып жатыр, халық уайымдайды, қаланы дамытуға үлкен үлес қосқан әкіміміз кетіп қалмай ма?" – деді журналист.
Ғабит Сыздықбеков кадрлық шешімдерді президент қабылдайтынын айтты.
"Менің алдымдағы әкімдер де жан-тәнімен еңбек етті. Көп нәрсе жасалды. Бағаны халық береді. Ал әрі қарай жұмыс істеймін бе, жоқ па оны президент шешеді. Ол тағайындады, шешімді де өзі қабылдайды. Қолымнан келгенше еңбектене беремін", – деді өңір басшысы.
Көпшілікті таңғалдырған сәт журналистің соңғы сөзі болды.
"Сізді әкім етіп тағайындағаны үшін Аллаға және президентке рахмет", – деді ол.
Алматылықтар аптап ыстықта жылудың өшірілмей жатқанына шағымданды: Әкімдік себебін түсіндірді
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі