"Алкогольдік ішімдік ішуге болмайды": Вакцинадан кейін қандай шектеулер қойылатыны белгілі болды
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұратов Тимур вакцинадан кейін қандай жанама әсері болатынын және вакцинадан кейін қандай шектеулер қойылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жанама әсер әр адамда әртүрлі болатынын айтты Тимур Мұратов. Дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, ауырсыну қалыпты жағдай екенін жеткізді ол.
"Әрине қандай вакцина салсақ та әр адамға әртүрлі әсер етеді. Инекция жасаған жерде ауырсыну байқалуы мүмкін. Дене қызуы көтеріліп, әлсіздік байқалады. Мұның барлығы адамның ағзасына байланысты. Мұндай жанама әсердің болуын алдын ала ескердік", - дейді Мұратов.
Сонымен қатар, вакцина салғаннан кейін адам тұмаумен ауырмауы керек екені түсіндірілді.
"Арақ ішу, шылым шегу жалпы адам ағзасына зиянды ғой. Оған қоса, үш күн бойы алкоголь қолдануға, ыстық буға түсуге болмайды, тұмаумен ауыруға болмайды", - дейді ол.
Қазақстанның вице-президенті кім болуы мүмкін және оның өкілеттігіне не кіреді: Саясаттанушылар жауабы
Сондай-ақ вице-президент нақты қандай қызмет атқаратынын анықтадық
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады
Адвокат мән-жайды айтып берді