Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алқапқа шар мен тәттілер қалдыруда": Қостанай облысында 5 жасар қызды іздестіру шаралары жалғасуда

Қостанай облысында жоғалып кеткен 5 жасар қызды іздестіру жұмыстары қызу жүргізілуде. Жедел штаб таңмен әуе патрульдері екі тікұшақ пен бір ұшақтың іздестіруді жүзеге асырып жатқанын мәімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұшақтардың бірінде тепловизор құрылғысы бар. Қазір Тобыл өзенінің арнасында шолу жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі болды. 

Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Гауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен жедел штабтың кезекті отырысы өтті.  

Штаб отырысында егістікке тәттілер мен су қалдырып, оларға шарлар байлау туралы шешім қабылданды. Бұл іздеу жүйелері үшін сигналдық нұсқа болады. Әр өрісте осы процесті бақылайтын бақылаушылар бар. Ауадан бақылау жалғасуда. Кешкі алтыдан кейін баланы іздеуге көмекке келген Рудный дельтаклубының нұсқаушылары алаңдарды жоспарлайды.



Қазірдің өзінде 12-ден астам алқап әуеден, 8 алқап жаяу қаралған. 

Іздеу аймағы тексерілген жерлерді ескере отырып, төрт бөлікке бөлінген:

  • Жамбыл ауылы – Тобыл өзені;
  • Алтын дала елді мекені;
  • Қостанай қаласы;
  • Самир ауылы.

Еске салсақ Қостанай облысында бес жастағы қыз жоғалып кеткен болатын.

Талқылау