Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлия Телебарисова: Төсек қатынасын көрсететін фильмдерге түсе алмаймын

“Ағайындылар”, “Жаужүрек мың бала” фильмдері арқылы танылған Әлия Телебарисова біраз уақыт кино әлемінен алшақта болды. Тұрмыс құрып, ана атанған ол бар уақытын отбасына арнаған. Енді шығармашылыққа қайта кіріскен Әлия кеткен уақыттың орнын толтырмақ.

Әлия Телебарисова

Бұл туралы НТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Иә, мені көрмегендеріңізге көп болды. Мен үш жыл демалдым, себебі бұл уақытымды отбасыма арнадым. Отбасы – мен үшін бірінші орында. Қызым дүниеге келді, есімі Алиша. Қазір 1,5 жаста, мені соңғы 3 жылдан бері осы себепті көрмедіңіздер. Бірақ қазір қайта оралып отырмын”, – дейді Әлия.

Қызының дүниеге келуі Әлияның өмірін күрт өзгерткен.

“Нағыз бақыттың не екенін түсіндім. Сабырлы, салмақты әрі зерделі бола түстім. Себебі ана болу – ол бірінші кезекте баланы еркелету емес. Сен сәбидің өміріне жауаптысың”, – дейді актриса.

Араға біраз уақыт салып актриса кино әлеміне қайта оралуды жөн деп тапқан. Әлия “Шыхғыс ханның қызының басынан өткен оқиға” фильмінде басты рөлдердің бірін сомдайды.

“Бұл рөлді алып шығуым көрермендерге ұнайды деп үміттенемін. Себебі кейіпкеріммен ортақ дүние аз. Алайда әр қыздың бойында осы кейіпкердің бір шеті кездеседі деп ойлаймын. Себебі ол еркін, ашық әрі бітбеткей”, – дейді актриса.

Әлия өзіне ұсынылған әр рөлге ыждахаттылықпен қарайды. Айтуынша, ойынан шықпағандықтан, ол көптеген рөлдерден бас тартуға мәжбүр екен.

“Өзін өзі сыйлайтын кез келген актер бірінші кезекті фильм сценарийіне қарайды деп ойлаймын. Өз басым кіммен жұмыс істеймін, сценарий қандай деген сұраққа жауап іздеймін. Себебі мен көптеген сахналарға қатыса алмаймын. Мәселен, төсек немесе сүйісуді ашық көрсететін сахналарда ойнамаймын”, – дейді Телебарисова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау