Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлия Назарбаева үшінші күйеуі Димаш Досановпен ажырасқаны туралы ақпарат тарады

Қазақстанның экс-президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева үшінші күйеуі Димаш Досановпен ажырасты. Димаш Досанов 2022 жылдың қаңтар айындағы оқиғалардан кейін "ҚазТрансОйл" компаниясының бас директоры қызметінен босатылған еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Nege.Aqsha арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: biographe.ru

Nege.Aqsha хабарлауынша, Әлия Назарбаева бұрынғы күйеуі Димаш Досановпен соттасқан. Досанов 2022 жылғы оқиғаларға дейін "ҚазТрансОйл" компаниясының бас директоры қызметін атқарған. Өткен жылы бұл жұптың ажырасқаны туралы хабар тараған еді. Ал Досановтың бұрынғы әйеліне қайтып барғаны туралы сыбыстар да шықты.

Басылымның дерегінше, соттың шешімі 2024 жылдың қараша айында заңды күшіне енген. Себебі жұп ажырасуға арыз берген және ортақ балаларының тұратын жерін анықтаған. Алайда басылым сот кабинетінде ажырасу туралы растау таппаған.

Айта кетейік, Әлия Назарбаева бұрын Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтің ұлы Айдар Акаевпен (2020 жылы қайтыс болды) және футболшы, бизнесмен әрі "Қазақстан темір жолы" акционерлік қоғамының басқарма мүшесі Данияр Хасеновпен тұрмыс құрған.

Димаш Досанов 1981 жылы Алматыда дүниеге келген. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т.Рыскулов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. Ол АҚШ-тың Джорджтаун университетінен бизнес әкімшілігі (MBA) магистрі дәрежесіне ие.



Еске салайық, бұған дейін қазақстандық кәсіпкерлердің үстінен арызданған Әлия Назарбаева сотта жеңілгенін жазған едік. Әлия Назарбаева адвокаттары арқылы отандық кәсіпкер Нұрлан Баймурзин мен серіктесі Медғат Қалиевті жалған ақпарат таратты деп айыптап, сотқа берді. Өткен аптада сот құқық бұзушылықтың анықталмауына байланысты істі тоқтату туралы шешім шығарды. Айта кетейік, ақпан айында Медғат Қалиев пен Нұрлан Бимурзин Бас прокуратураға Әлия Назарбаеваны рейдерлік әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған еді.

Талқылау