Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлия Назарбаева белгілі нумерологтың туған күн кешінде бой көрсетті

Әлия Назарбаева танымал нумеролог Клара Күзденбаеваның 62 жасқа толған туған күн кешінде бой көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 


Видеодан скрин

Қазақстанның тұңғыш президентінің кенже қызы ұзақ уақыт бойы көпшілік алдына шықпаған еді. Әлия Назарбаева және басқа да танымал қонақтар Мәскеудің орталығындағы "Яръ" мейрамханасында Клара Күзденбаеваны құттықтады. Әлеуметтік желідегі видеолардан туған күн кешіне Назарбаевадан бөлек журналист әрі тележүргізуші Айгүл Мүкей, әнші Ержан Нұрғалиев, ресейлік актриса Елена Валюшкина сияқты танымал тұлғалар қатысқанын байқауға болады.

Күзденбаева тұңғыш президенттің қызын ерекше құрметтеп, мейрамхана залында құрметті орынға отырғызды. Назарбаева өзінің нумерологына жылан бейнесіндегі салмақты алтын білезік пен сырға сыйлап, әнші Прохор Шаляпиннің өнері кезінде би биледі. Мерекеде танымал ресейлік және қазақстандық әртістер өнер көрсетіп, көңіл көтерді. Ал билеп жүрген қонақтардың үстіне рубль купюралары шашылды.

Айта кетейік, 2025 жылдың басында бұқаралық ақпарат құралдарында Әлия Назарбаеваның Мәскеуге қоныс аударғаны туралы ақпарат тараған еді. 

Еске салсақ, бұған дейін Әлия Назарбаеваның өзінің үшінші күйеуі Димаш Досановпен ажырасқаны туралы жазған едік. 

Талқылау