Әлия Әнуарбек: Мен сенің телефоныңнан өзіме хат жаздым, ол хатты шынында да сен жазғанда ғой
Қазақстандық актриса Әлия Әнуарбектің марқұм жолдасы жайлы жылы естеліктерін толастар емес. Актриса жарының бұрын жарияламаған суреттері мен бірге түскен видеоларын, аяулы естеліктерін бөлісіп жүр.
Қолда бар естеліктерді ғана жұбаныш еткен актриса әр кезде сағынышпен еске алады. Дәл сол уақытқа қайта оралғандай болады. Бәрін ұмытады. Көпшілікке айтқан соң жеңілдеп қалатынын айтады. Бұрын жеке мәселе жайлы айтпағанымен, қазір сүйген азаматы жайлы айтудан жалықпайды. Оның мінезін, құрметін, дарындылығын, азаматтығын сөз етеді.
Айта кетейік Әлия Әнуарбектің жолдасы біршама уақыт бұрын өмірден озды. Актриса жолдасының не себепті қаза болғанын ашып айтқан жоқ.
Әріптестері мен желідегі оқырманы онымен бірге қайғырып, бірге жылады. Бүгінде тек қолдау айтып, сөзбен демеп отырады.
Әлия Әнуарбек: Марқұм күйеуім болмағанда мен "Жаужүрек мың бала" фильміне түсіп танылмас едім
"Мен сенің телефоныңнан өзіме хат жаздым. Кейін ұмытып кеттім. Оқығанда сен екен деп ойладым. Қатты қуандым. Сосын сенің жоқ екенің есіме түсті. Жүрегім қайта ауырды. Шіркін, сол хатты шынында да сен жазғанда ғой", - деді Әлия.
"Жаным-ау. Аллах панасына алсын, иманы жолдас болсын", "Аллахтың бұйрығына ешкім қарсы келе алмайтындығын естен шығармаңыздар. Ол тағдыр, солай жазылған", "Жатқан жері жарық болсын. Сізге, артынан қалған ұрпақтарына, Аллам өмір берсін. Сізге сабыр тілеймін", - деді олар.
"Азамат екеуміз ешқашан қызғанбайтынбыз. Ол маған, мен оған сендім. Оның менен басқаны қаламайтынын білдім. Ол да солай. Ешқашан бір-біріміздің телефонымызды тексерген емеспіз. Қолымызда болса да қарамайтынбыз. Ол мені бәрінен қорғады. Маған ауыр сөз айтудан қорғады. Мен өзімді гүл секілді сезіндім. Ол менің қорғаным еді", - деп жазды актриса.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
