Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алысты көрмейді: Әлемдегі әрбір үшінші баланың сығырлыққа шалдыққаны анықталды

Жаңа зерттеулерге сәйкес әлемде әрбір үшінші баланың сығырлыққа (алысты нашар көру) шалдыққаны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Getty Images

Зерттеушілердің мәліметінше, бұл көрсеткіштің негізгі себептерінің бірі коронавирустық пандемия. Себебі пандемия кезінде балалар экран алдында тым көп уақыт өткізкен.

Британдық офтальмология журналында жарияланған зерттеу авторлары 2050 жылға қарай сығырлық немесе миопия әлем бойынша миллиондаған балаға әсер ететінін ескертеді. Ең нашар көрсеткіштер Азияда: Жапонияда балалардың 85%, Оңтүстік Кореяда 73%, Қытайда 40%-дан астам бала миопиядан зардап шегеді. 

Парагвай мен Угандада әлемдегі миопияның ең төмен деңгейі тіркелген, шамамен 1%. Ұлыбританияда, Ирландияда және АҚШ-та бұл көрсеткіш шамамен 15% құрайды.

Зерттеу авторлары барлық алты континенттегі 50 елден бес миллионнан астам бала мен жасөспірімдерді зерттеген. 


Паразит кіріп кеткен: Линзасын шешпестен суға түскен әйелдің көзі көрмей қалды


Олардың айтуынша, миопияның көрсеткіші 1990 жылдан 2023 жылға дейін 36%-ға, үш есе өскен және бұл әсіресе пандемиядан кейін қатты байқала бастаған. Миопия әдетте бастауыш сыныпта басталады және көру қабілетті әдетте көздің өсуі тоқтағанша нашарлай береді (шамамен 20 жасқа дейін).

Миопияның пайда болуына әртүрлі факторлар, соның ішінде географиялық жағдайлар да әсер етеді. Мәселен, бұл ауру Шығыс Азияда жиі кездеседі, Сингапур немесе Гонконг сияқты елдерде балалар мектепке ертерек барады, кітап пен экранға ертерек көңіл бөле бастайды. Бұл көз бұлшықеттерін ауыртып, сығырлыққа әкелуі мүмкін дейді зерттеушілер. 

Мектепте оқу 6-8 жаста басталатын Африкада миопия Азияға қарағанда жеті есе аз кездеседі.

Зерттеу авторларының болжамынша, 2050 жылға қарай миопия бүкіл әлемдегі жасөспірімдердің жартысынан көбіне әсер етуі мүмкін.

Сығарлық ұлдарға қарағанда Қыздарға көбірек әсер етеді, өйткені олар есейген сайын далада аз уақыт өткізеді. Қыздардың өсуі мен дамуы, соның ішінде жыныстық жетілу де ертерек басталады, соның салдарынан миопия да ерте жаста пайда бола бастайды.

Миопия қаупін азайту үшін британдық көз мамандары балаларға күн сайын, әсіресе жеті мен тоғыз жас аралығында кем дегенде екі сағатты сыртта өткізуге кеңес береді. Сондай-ақ ғалымдар ата-аналарға балаларының көздерін 7 жастан 10 жасқа дейін тексертіп отыруды ұсынады.

Көз мамандары миопияны емдеу мүмкін емес екенін, тек көзілдірік немесе контактілі линзалар арқылы түзету болатынын ескертеді.

Еске салсақ, бұған дейін дәрігерлер ер адамның көзінен 35 құрт алғаны туралы жазған едік.

Талқылау