Дәрігерлер ер адамның көзінен 35 құрт алды
Дағыстанның Махачкала қаласында республикалық офтальмология ауруханасының дәрігерлері 55 жастағы ер адамның көзінен 35 құртты алып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тұрғылықты мекенжайы жоқ ер адам ауруханаға жедел жәрдем арқылы жеткізілген. Сол кезде дәрігерлер оның көзінен құрт түсіп жатқанын байқапты.
"Шыбынның дернәсілдері 4 және 12 милиметр шамасында, көздің мөлдір қабығы мен жоғарғы бөлігін "жеп тастаған". Жергілікті анестезия арқылы көзінен құрттарды алып тастап, инфекциядан тазарттық. Қуанышқа орай дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында науқастың көру қабілетін сақтап қалдық", – деді көз жарақаты бөлімінің меңгерушісі Наида Гойтиева.
Қазір ер адамның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған