Әлішер Кәрімов “Ла ла ла” атты су жаңа бейнебаянын ұсынды (видео)
Гастрөлдік сапарға жиі шығатын әнші Әлішер Кәрімов тыңдармандарына “Ла ла ла” атты әнге түсірілген су жаңа бейнебаян ұсынды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды
Күні кеше Әлішер Кәрімов гастрөлдік сапарды шетке ысырып, жаңа бейнебаян ұсынатынын, өзінің отыз жылдық мерейтойын атап өтетіндігін айтқан болатын. Енді міне аталған бейнебаяны дайын болып үлгерген екен.
Мұнымен қатар, ағымдағы жылдың қараша айында Астана қаласында концерт өткізбек. Ал концерттен кейін гастрөлдік сапарға аттануды жоспарлап отыр.
Естеріңізге сала кетсек, Әлішер Кәрімов пен Мақпал Исабекованың көңіл жарастырғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Талқылау