Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлімханұлы мен Адамес чемпиондық белбеулерді біріктіреді

Фото: Getty Images

Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдарының чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі айқасында WBC белбеуінің иегері Карлос Адамеспен күш сынасады. Жекпе-жек екі чемпиондық атақты біріктіруді көздейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпаратты испандық комментатор Фернандо Сабатини хабарлады. Оның айтуынша, доминикандық боксшы Карлос Адамес келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеген.

"Біз біраз уақыт бойы ортақ шешімге келе алмадық, бірақ бұл кездесу өтеді. Қазір ұйымдастыру жұмыстары аяқталып келеді", – деді ол.

Жекпе-жектің нақты өтетін күні мен орны әзірге белгісіз. Дегенмен мамандардың пікірінше, бұл кездесу Әлімханұлы мен Адаместің келесі айқасы болатыны анық.

Бұған дейін қазақстандық боксшы жанкүйерлеріне жақында орта салмақта "көптен күткен жекпе-жекті" жариялайтынын айтқан еді.

Абылайхан Палмағанбет
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек, 2025 15:55
Талқылау