Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әлі талай ән шырқайтын боламын": Индира Расылханға қашан ота жасалатыны белгілі болды

Индира Расылханға қашан ота жасалатынын белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлі талай ән шырқайтын боламын

Бұл туралы өнер иесінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, жазба қалдырған. Отаның нақты қай күні болатынын айтқан өнер иесі жұртқа алғысын білдірді. Ол денсаулығының оңалып, әлі талай сахнаға шығып, қуантатынын жеткізді.

"Мен сені сүйем жарық күн! Ниеттеріңізге, білдіріп жатқан дұға тілектеріңізге Алла шексіз разы болсын! Алла қаласа дүйсенбі күні, мүмкін сейсенбіде ота жасалатын болады. Алла сіздердің дұғаларыңызды біліп тұр. Сол себепті бәрінің де сәтті өтетініне сенімдімін. 
Мен әлі талай сіздердің алдыларыңызда ән шырқайтын боламын. Өздеріңізге көптен көп рахметімді шын жүрегімнен жаудырдым", - деп жазды өнер иесі. 

Мұны көргендер әншінің жазылып кетіп, отадан кейін аман есен ортамызға оралғанын қалайтындарын айтты. Олар Индира Расылхан үшін дұға етіп, тілектерін білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз бұрын Индира Расылханның ота жасататыны белгілі болған. Артынша әншінің диагнозы анықталып, көмекшісі денсаулығы туралы пікір білдірген.

Талқылау